21 Желт 2020
Страницы "Жамбыл жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Мектеп туралы

«Жамбыл жалпы білім беретін орта мектебі» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп директоры: Бахманова Гулмарал Шамшадиновна

Қабылдау кестесі: дүйсенбі, сәрсенбі күндері 9:00-13:00

Жұмыс телефоны (факс): 87133932406

Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақша: @zhambul_om

Қысқаша өмірбаяны:

Бахманова Гүлмарал Шамшадиновна, 1968 жылы 20 қазанда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының  Жаңақұрылыс ауылында дүниеге келдім.

       1985 жылы Әйтеке би ауданы Аралтоғай орта мектебін бітіріп, 1985 жылы Қ.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогика институтына түсіп, 1990 жылы аталған институттың толық курсын химия және биология мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Ең алғашқы еңбек жолымды 1990 жылы Ырғыз ауданында Б.Алманов атындағы орта мектепте химия пәні мұғалімі болып бастап, 1995 жылға дейін ұстаздық қызмет еттім. 1995 жылы Әйтеке би ауданы Ярослав орта мектебіне химия пәні мұғалімі болып қабылданып, сол уақыттан бері осы қазіргі Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінде қызмет етіп келемін. 2001-2010 жылдар аралығында тәрбие ісі меңгерушісі қызметін атқардым, 2010-2015 жылдар аралығында оқу ісі меңгерушісі, 2016 жылдан бері мектеп директоры қызметін атқарып келемін.

Білім саласында қызмет атқара жүріп, жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбегім үшін аудандық, облыстық “Алғыс хат”, республикалық көлемде “Құрмет грамотасы” марапаттарына ие болдым.

       Отбасылымын, жолдасым екеуміз үш бала тәрбиелеп өсірудеміз.

 

Марапаттары:

  • Ақтөбе облысы ««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Ақтөбе қаласындағы филиалы директорының АЛҒЫС ХАТЫ, 2017ж
  • Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінен Алғыс хат, 2018ж
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің АЛҒЫСЫ, 2017ж

Мектептің әкімшілік құрамы:

Истлеуова Алтын Сериковна– мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, білімі – жоғары, біліктілік санаты – жоғары.

Алманова Ақмарал Маратовна- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, білімі – жоғары.

Мұғалімдердің сандық, сапалық құрамы:

Барлық мұғалімдер саны -30

Жоғары білімді – 24(80%)

Кәсіптік және техникалық білімі бар мұғалімдер – 6 (20%)

Біліктілік санаттары бойынша:

Педагог-зерттеуші - 2

Бірінші санатты - 1

Педагог-сарапшы – 4

Екінші санатты - 3

Педагог-модератор - 7

Санаты жоқ - 13

Жалпы орта білім беру мекемелерін лицензиялаудың біліктілік талаптарына сай жоғары, педагог-зерттеуші, бірінші және педагог-сарапшы біліктілік санаты бар мұғалімдердің үлесі – 23% (7).

Оқушылар контингенті:

2018-2019 оқу жылы басында – 93, аяғында – 95;

2019-2020 оқу жылы басында – 95, аяғында – 99;

2020-2021 оқу жылы басында – 87.

 

Оқу кабинеттері:

Информатика – 16+1 компьютер, интербелсенді тақта;

Физика – 1 компьютер, проектор, экран;

Биология - 1 компьютер, интербелсенді тақта;

Бастауыш класс – 1 компьютер, интербелсенді тақта;

          Тарих – 1 компьютер, интербелсенді тақта;

Мектепалды даярлық класы  – 1 компьютер;

Ағылшын тілі  –  1 компьютер, интербелсенді тақта;

Ер балаларға арналған шеберхана – 50.7 м2

Спортзал – 147.9 м2;

Акт зал – 122.1 м2

Асхана –122 м2

Мектептегі үйірмелер, спорттық секциялар:

«Қазақша күрес», «шахмат», «волейбол», «үстел теннисі», «шағын футбол», «домбыра үйірмесі», «би үйірмесі» «жас эколог»,  «шебер қолдар», «шешендік өнер».

Мектеп тарихы:

       Жамбыл ЖОББ  мектебінің    іргетасы   1984  жылы қаланып, қолданысқа  берілген.   Мектеп  Әйтеке  би  ауданы  Жамбыл   селосының  Тыңгерлер№3   мекен- жайында  орналасқан.Оқу  ғимаратының  жалпы  алаңы – 4891 ш.м., жұмыс алаңы-3913 ш.м.Ғимарат  үлгілік  үйжайға  орналасқан, 3  қабатты,жобалық  қуаты -461.Сынып бөлмелер  саны-17,олардың жалпы  көлемі  -2516ш.м.,11  оқу кабинеттері  бар.Олар  1  физика,1  химия,1 қазақ  тілі мен  әдебиеті,1 орыс тілі мен  әдебиет,1  математика,1  шет  тілі,оның  ішінде  лингафондық  құрылғымен  жабдықталғаны -1;бастауыш  әскери  даярлық,1  компьютер  сыныбы,1 мультимедиялық  кабинет,1  металл  өңдеу, 1  ағаш  өңдеу шеберханалары,1  спорт  залы бар.73,5 ш.м. құрайтын кітапхана  бар..Жылыту  жүйесінің  түрі  қатты отын(көмір бір жылға  324 тн шығындалады) Жылыту  қуаты-0,4 МВТ/сағ.Мектепте   асхана  бар. Асхана  жабдықтармен  қамтамасыз етілген  Мектепте    жабдықталған  медициналық  кабинет  бар.

     Мектеп  ғимаратының  күрделі  жөндеу   жұмысын  2013  жылы «Строикомплект-2030» мердігері компаниясы жүргізді. Күрделі   жұмыс  барысында  мектеп  ғимаратының   терезелері, есіктері,    төбесінің  шатырлары  ауыстырылды. Мектептің   ішкі  қабырғаларына  толық  сылақ  жұмыстары  жүргізілді. Жылу  қазандығына  жаңа  насос  қойылып, оқу  жылына  дайын  тапсырылды.

            

                 Ардагер ұстаздар

         Ұзақ жылдар бойы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,өз тәжірибесі мен қажырлы еңбегін бала тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздарымыз.Олар: бастауыш класс мұғалімдері: Карабалаева Клара Шуреновна, Иорга Галина Андреевна, Қалыбаева Нұрлан; орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Кундакбаева Алтынзер Картбаевна, физика пәнінің мұғалімі Дәрібай Задагул Нұртаевна  сынды Ұстаздар қауымы шәкірттер мен ел алғысына бөленген жандар.

Жаңалыктар